Түрік қызы - чемпион

Түрік қызы теннисте жылдың алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

894025
Түрік қызы - чемпион

Түрік теннис ойыншысы Селин Өвүнч Үндістанда өткен Калькутта  ITF Жастар турнирінде чемпион атанды.

Калькутта қаласында болған турнирде 17 жасар Селин кезегімен Қытай,  Тайланд, Франция және Үндістаннан келген қарсыластарын жеңіп,  ақтық сайыста Украиналық Диана Ходанның алдына шықты.

Ходанды 6-1 есебімен жеңген түрік қызы жылдың алғашқы жеңісіне жетті.

Осылайша жастар аталымында алғашқы жүздікке енген Селин Өвүнч өткен аптада Жаңа Делидегі жарыста да екінші орын алған еді.



Ұқсас жаңалықтар