Хэмилтон: "Түркияға келгеніме қуаныштымын"
Льюис Хэмилтон Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.
Формула 1 жарысында чемпиондыққа үлкен үміткерлердің бірі, Мерседес командасының британдық жүргізушісі Льюис Хэмилтон өткен жылғы жарыс «бас айналдыратындай» болғанын айтып, Түркияға қайтадан келгеніне қуанышты екенін білдірді.
Түркия Гран-приінде бақ сынайтын Льюис Хэмилтон Стамбулда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.
Карьерасында 7 мәрте әлем чемпионы болған Хэмилтон Ресей Гран-приіндегі 100-ші жеңісінен кейін өте жақсы реакциялар алғанын мәлімдеп: «Англияда, бүкіл елде және Лондонда адамдар 100 -ші жеңіске қатты қуанды. Мен қайда барсам да, айналамдағы адамдар жеңісті тойлап жүр. Мен мұны күтпеп едім» деді.
Макс Верстаппенмен чемпиондық жарыстың стресі туралы сұраққа Хэмилтон: «Стресс жоқ деп айта алмаймын, бар, бірақ біз мүмкіндігінше жақсы дайындалып жатырмыз» деп жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар
Бурса мәдениет жолы фестивалі ертең басталады
Министр Ерсой Түркия мәдениет жолы фестивалінің әлемдік брендке айналғанын атап көрсетті.