Ауыр атлетикада жеңіске жетті

V Ислам Ұйымшылдық ойындары жалғасып жатыр.

1866771
Ауыр атлетикада жеңіске жетті

Конияда жалғасып жатқан V Ислам Ұйымшылдық ойындарында түрік спортшылар ауыр атлетика жарысының бірінші күнінде 9 медаль жеңіп алды.

Ауыр атлетика саласында 24 елден 59 әйел және 89 ер адам, барлығы 148 спортшы бақ сынауда.

Түрік спортшылар бірінші күнді 3 алтын және 6 күміспен аяқтады.

Әйелдер арасында 49 келі салмақтағы түрік спортшылар үш санатта да тұғырдың алғашқы екі сатысына көтеріліп, 6 медаль жеңіп алды. Дуйгу Алыжы жұлқа көтеру, серпе көтеру және жалпы алғанда алтын медаль, Шазие Ердоған осы категорияда күміс медальді жеңіп алды.

Әйелдер арасында 45 келіде Жансу Бекташ жұлқа көтеру, серпе көтеру және жалпыламада күміс жүлдені жеңіп, Түркияға 3 медаль сыйлады.

Ал Муаммер Шахин ерлер арасында 55 келіде жеңіске жете алмады.  



Ұқсас жаңалықтар