Көшпенді ойындары ертең басталады

Жарыстың бетін президент Режеп Тайып Ердоған ашады.

1885804
Көшпенді ойындары ертең басталады

Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен биыл төртінші рет өтетін Дүниежүзілік көшпенді ойындары ертең Изник ​​ауданында басталады.

Бірінші Көшпенді ойындары Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жетекшілігімен 2014 жылы Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында Ыстықкөлдің жағасында этноспорттың 10 түрін қамтитын жарыстар бойынша өткен еді.

Жағымды реакциялардан кейін Қырғызстан  2016 және 2018 жылдары да ойындардың екінші және үшіншісін өткізді. Халықаралық танымалдыққа ие болған ойындардың төртіншісі 2020 жылы Түркияда өтеді деп шешім берілген болатын.

Коронавирустық індетке байланысты 2 жыл кейінге шегерілген организация 29 қыркүйек - 2 қазан аралығында Изниктегі арнайы дайындалған аумақта өтеді.

«Біз – дәстүрден болашаққа бірміз!» ұранымен өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спортынан 2, ұлттық күрестен 8, садақ атудан 3 аталым бойынша жарыстар өтеді. Ойынға 102 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысады.

Жарыстың бетін президент Режеп Тайып Ердоған ашады.

Ашылу салтанаты Түркия уақытымен сағат  19.00 мен 21.00 аралығында өтеді.

Ойын барысында спорттық жарыстармен қатар  мәдени шаралар да өтеді. Мангала, жирит, тоғыз қорғауол, чевган, аударыспақ, теңге ілу, қырғыз күресінен қойылымдар болады.

Изник ​​көлінің жағасында тамақ және сусын бөлімдері, дәстүрлі қолөнер бұйымдары ұсынылатын этно базар, ғибадат орындары, от жағасында әңгімелесу, атқа міну, сахналық өнер және садақ ату жаттығулары алаңдары болады.

Қатысушыларға Зара, Арсланбек Сұлтанбеков, Кырач, Мұстафа Жежели және Коливаның концерттері беріледі.

Қалаған қатысушылар жарыс алаңында саябақ мен кемпинг алаңдарында қонуына болады.



Ұқсас жаңалықтар