Фейзулла Актүрік екінші рет Еуропа чемпионы

Еуропа чемпионатында түрік балуан Фейзулла Актүрік алтын медаль алды.

1977419
Фейзулла Актүрік екінші рет Еуропа чемпионы

Фейзулла Актүрік – Еуропа чемпионы. 

Хорватияда өткен Күрестен Еуропа чемпионатында түрік балуан Фейзулла Актүрік алтын медаль алды.

92 келіде  алдымен молдовалық қарсыласын алып жыққан түрік балуан украиналық қарсыласын да жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда грузин балуанды жеңген Актүрік алтын медаль үшін жарысуға жолдама алды.

Ақтық сайыста әзербайжандық Осман Нұрмагомедовпен белдескен түрік балуан қарсыласын жығып, алтын медаль алды.

Осылайша ол бірінен соң бірі екінші рет Еуропа чемпионы атағын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар