Туғба Данышмаз Финляндияда екінші орын алды

Финляндияда «Пааво Нурми ойындары» өтті.

1999278
Туғба Данышмаз Финляндияда екінші орын алды

Финляндияда өткен «Пааво Нурми ойындары» аясында әйелдер арасында үш қарғып секіруден ұлттық атлет Туғба Данышмаз екінші орын алды.

Турку қаласында өткен жарыста Туғба 14,03 метре секіріп екінші болса, ямайкалық Шаниека Рикеттс 14,20 метрге секіріп бірінші орынды иеледі.

Стамбулда өткен 2023 жылы жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатында Туғба Данышмаз 14,31 метрмен рекордын жаңартып, алтын медаль алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар