Түркия спортшылары Польшадағы жарыста екі медаль алды
Краков қаласындағы Пласзовянка садақ ату саябағында өткен жарыстың соңғы күні Түркия қола жүлдеге қол жеткізді.
Польшада өтіп жатқан 3-ші Еуропа ойындарында садақ атудан ерлер арасында құрама садақтан Емиржан Ханей қола жүлдені жеңіп алды.
Краков қаласындағы Пласзовянка садақ ату саябағында өткен жарыстың соңғы күні Түркия қола жүлдеге қол жеткізді.
Емиржан Хани ширек финалда француз бәсекелесі Николас Жиррды 147-141 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Жартылай финалда словакиялық Йозеф Босанскиймен жарысқан Емиржан күрделі өткен сайыста 147-145 есебімен жеңілді.
Үшінші орын үшін өткен бәсекеде ұлттық спортшы үй иесі Польшадан келген Лукаш Пржыбыльскиймен дарысты. Қарсыласын 149-146 есебімен жеңген Хани қола жүлдеге қол жеткізді.
3-ші Еуропа ойындарында Түркия садақ атуда 2 қола медаль жеңіп алды. Түркияға медаль әкелген есімдер Хазал Бурун мен Емиржан Хани болды.
Ұқсас жаңалықтар
Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды
Бас қала Анкарадағы Түрік-орыс достық үйінде «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды.