3800 жылдық сына жазулы қыш тақташа табылды

Тақташада қала саудасы келісімі жазылған.

2023409
3800 жылдық сына жазулы қыш тақташа табылды

Хатайдағы Аччана күлтөбесінде 3800 жылдық «қала сауда келісімі» туралы сына жазулы қыш тақташа табылды.

Қалада болған жер сілкінісі Орта және кеш қола дәуірінде Мукиш патшалығының бас қаласы Алалах орналасқан Рейханлы ауданындағы күлтөбеге де әсер етті. Күлтөбеде сарай қабырғаларының қалдықтарының кейбір жерлері жер сілкінісі кезінде зақымдалды. Жөндеу жұмыстары барысында қалдықтар арасында сына жазулы қыш табылды.

Акад тілінде жазылған тақташада Алалахтың белгілі алғашқы патшасы Ярим-Лимнің басқа бір қаланы сатып алу үшін жасаған келісімі туралы мәлімет орын алған. 3800 жыл бұрынғыдан қалған қыштың үстінде келісімге куә болғандардың есімдері де жазылған.



Ұқсас жаңалықтар