«TRT халықаралық деректі фильмдер марапаттары» өтеді

Халықаралық TRT деректі фильм марапаттарының фестиваль күнтізбесі мен байқау туралы толық ақпаратты «trtbelgesel.com» сайтынан алуға болады.

2076402
«TRT халықаралық деректі фильмдер марапаттары» өтеді

Түркия радио және телевидение мекемесі (TRT) биыл 14-ші рет ұйымдастырған «TRT халықаралық деректі фильмдер марапаттары» 14-17 желтоқсан күндері ұлттық, халықаралық деректі фильм көрсетілімдері және өз салаларындағы сарапшы қонақтардың қатысуымен өтеді.

4 категория бойынша 100-ге жуық елден мыңға тарта өтініш түскен фестивальде 32 финалист жүлделер үшін бәсекеге түседі.

Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен әуесқой және кәсіби деректі киногерлерді қолдау және деректі жанрдың дамуына және таралуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған фестиваль биыл «Тамырлы із, күшті әңгімелер» деген ақырыппен өтеді.

Түркияда және дүние жүзіндегі деректі климатты байытып, кәсіби және әуесқой деректі фильмдерге қолдау көрсететін TRT халықаралық деректі фильм марапаттарының 4 күндік күнтізбесі барысында марапат санаттарында бәсекеге түсуге өтініш берген деректі фильмдердің ерекше таңдаулы көрерменмен кездеседі.

Халықаралық TRT деректі фильм марапаттарының фестиваль күнтізбесі мен байқау туралы толық ақпаратты «trtbelgesel.com» сайтынан алуға болады.



Ұқсас жаңалықтар