Түркияға 11 айда 52,7 миллионнан астам адам келген

Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда шетелдік келушілер саны 10,82 пайызға артты.

2079839
Түркияға 11 айда 52,7 миллионнан астам адам келген

Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Түркия 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында 52 миллион 742 мың 526 туристті қабылдады.

Келгендердің 46 миллион 725 мың 424-і шетелдіктер болса, 6 миллион 17 мың 102-сі шетелде тұратын түрік азаматтары.

Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда шетелдік келушілер саны 10,82 пайызға артты.

жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда Ресей Федерациясы 23,02 пайыздық өсіммен және 6 миллион 83 мың 696 адаммен бірінші орынды иеледі. Германия 8,73 пайыздық арту және  5 миллион 959 мың 843 келушімен  ікінші орында болды.



Ұқсас жаңалықтар