Білім беру технологиялары байқауы өтеді

Білім беру технологиялары байқауы «TEKNOFEST» аясында, Түрік технология командасы қорының басқаруымен өтеді.

2089083
Білім беру технологиялары байқауы өтеді

«TEKNOFEST»-тің мәлімдемесіне қарағанда байқауға Түркияда және шетелде білім алып жатқан барлық бастауыш, орта мектеп, лицей және университет студенттері мен түлектері қатыса алады

Оқыту тиімділігін жоғары деңгейде сақтай отырып, студенттер онлайн платформаларында пайдалана алатын компьютерлік немесе мобильді шешімдерді шығару маңызды бағалау критерийлерінің бірі болады. Үміткерлер сонымен қатар прототиптік өнімдер, білім беру бағдарламалық қамтамасыз ету, оқу ойындары, білім беру симуляциялары және инновациялық технологиялар бойынша жобаларды әзірлейді деп күтілуде. «TEKNOFEST» аясында ұйымдастырылған білім беру технологиялары байқауында; Бастауыш және орта мектеп деңгейінде бірінші орынға 50 мың лира, екінші орынға 40 мың лира, үшінші орынға 30 мың лира; Лицей деңгейінде бірінші орынға 50 мың лира, екінші орынға 40 мың лира, үшінші орынға 30 мың лира; Университет деңгейінде бірінші орынға 60 мың лира, екінші орынға 50 мың лира, үшінші орынға 40 мың лира беріледі.



Ұқсас жаңалықтар