Ғалымдар тобы Антарктикаға барып жетті

Түрік ғалымдар тобы биыл 22 түрлі жобаны жүзеге асырады.

2096868
Ғалымдар тобы Антарктикаға барып жетті

8-ші Ұлттық Антарктика ғылыми экспедициясы аясында жолға шыққан түрік командасы 90 сағаттық ұзақ жолдан кейін Антарктика «Король Джордж» аралына жетті.

Ұлттық Антарктика ғылыми экспедициясы координаторы профессор доктор Буржу Өзсой Стамбулдан басталған саяхаттарының 4-ші күнінде Антарктикаға жеткендерін айтты. «Қазір Антарктикаға 20 түрік ғалымы келіп жетті, бізбен бірге 3 лицей оқушысы да бар» деді ол.

Жоғары сынып оқушыларының Антарктикадағы ғалымдарға қосылып, жобаларын осында жүзеге асыратындарын айтқан Өзсой биыл Түркия ғылым экспедициясына Испания, Болгария және Америка ғалымдарының қатысатынын білдірді.

Оның айтуынша түрік ғалымдар тобы биыл 22 түрлі жобаны жүзеге асырады.



Ұқсас жаңалықтар