Стамбулға былтыр 17 миллион шетелдік қонақ келді

Бұл – рекорд.

2101796
Стамбулға былтыр 17 миллион  шетелдік қонақ келді

Адам ең көп келетін қалалардың басында келетін Стамбулға былтыр 17 миллион 370 мың 30 шетелдік қонақ келді. Бұл – рекорд.

Мәдениет және туризм министрлігінің деректеріне қарағанда, Стамбулға келген шетелдік қонақ саны алдынғы жылмен салыстырғанда 8,44 пайыз артты.

Былтын 17 миллион 370 мың 30 шетелдік қонақты күтіп алған Стамбулда ең көп туристі Ресей Федерациясы жіберді.  Ресейден Стамбулға 1 миллион 990 мың 226 адам келді.

Германиядан 1 миллион 286 мың 504 адам, Ираннан 1 миллион 53 мың 638 адам, Америка Құрама Штаттарынан 853 мың 766 турист келеді.  Бесінші орында Ұлыбритания, алтыншы орында Сауд Арабиясы және жетінші орында Франция тұр.



Ұқсас жаңалықтар