Ұлттық спортшы Несрин Еуропа чемпионы атанды
Күрес чемпионатында ұлттық спортшы Несрин Баш әйелдер арасында 72 келіде алтын медаль жеңіп алды.
Румынияда өткен Еуропа күрес чемпионатында ұлттық спортшы Несрин Баш әйелдер арасында 72 келіде алтын медаль жеңіп алды.
Ел астанасы Бухарестте ұйымдастырылған сайыста әйелдер арасында 72 келіде өнер көрсеткен Несрин финалда соңғы Еуропа чемпионы Румыния спортшысы Александра Николета Ангелмен кездесті.
Басынан аяғына дейін басымдылық көрсеткен 21 жастағы ұлттық спортшы Несрин Баш қарсыласын 5-1 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.
Әйелдер ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатында екінші орын алды.
Ұлттық құрама 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен 107 ұпаймен сайысты 2-орынмен аяқтады.
Украина 112 ұпаймен бірінші, Әзербайжан 68 ұпаймен үшінші болды.
Ұқсас жаңалықтар
Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды
Бас қала Анкарадағы Түрік-орыс достық үйінде «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды.