Олимпиадада Израильге қарсы санкция енгізуді сұрады

Францияда оппозициядағы депутаттар Израильге қарсы санкция салуды талап етті.

2105881
Олимпиадада Израильге қарсы санкция енгізуді сұрады

Француз депутаттары 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада Израильге қарсы санкция енгізуді сұрады.

Францияда оппозициядағы депутаттар Халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасында Израильге қарсы санкция салуды талап етті.

Франциядағы солшыл «NUPES» альянсына кіретін партиялардың  26 депутаты ХОК президенті Томас Бахқа хат жолдады.

Хатта «Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2023 жылдың қараша айында жариялаған мәліметтерге сәйкес, Украинада соғыс басталғаннан бері шамамен 2 жыл ішінде 10 мыңға жуық бейбіт тұрғын, оның ішінде 560 бала қаза тапқаны белгілі. Ал Газада бар болғаны 4 айда шабуылдарда (көбісі әйелдер мен балалар) қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған палестиналықтардың саны 40 мыңға жетті, ал 70 мың адам, (көбісі балалар) жарақат алды» деп айтылды.

Депутаттар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада Ресей мен Беларуське салынған санкцияларды Израильге де қолдануды талап етті.

Израиль ұзақ мерзімді атысты тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана санкциялардың жойылуы керектігін айтқан депутаттар Израиль спортшыларының орыстар мен беларусьтар сияқты елінің елтаңбаласы мен туын алып жүрмей, жарысқа «бейтарап спортшы» ретінде қатысуын сұрады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар