Стамбулға келетін туристер саны артты

Стамбул Қалалық мәдениет және туризм басқармасы мәлімдеме жасады.

2106063
Стамбулға келетін туристер саны артты

Стамбулды 2023 жылы келген турист саны соңғы 10 жылда 66 пайызға артып, 17 миллион 370 мыңға жетті.

Қалалық Мәдениет және туризм басқармасының мәлімдемесіне қарағанда 2013 жылы қалаға 10 миллион 474 мың 867 шетелдік турист келсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 17 миллион 370 мың 30жетті. Осылайша соңғы 10 жылда қалаға келген туристер саны 66 пайызға өсті.

Стамбулға 2014 жылы 11 миллион 842 мың 983 адам, 2015 жылы 12 миллион 414 мың 677, 2016 жылы 9 миллион 203 мың 987, 2017 жылы 10 миллион 840 мың 595, 2018 жылы 13 миллион 432 мың 990, 2019 жылы 14 миллион 906 мың 663, 2020 жылы 5 миллион 1981, 2021 жылы 9 миллион 25 мың 4, 2022 жылы 16 миллион 18 мың 726 шетелдік турист келді.



Ұқсас жаңалықтар