Пайғамбардың шапанын көруге болады
Пайғамбар шапаны Түркия уақытымен сағат 10:00-де көрсетіле бастады.
Мұхаммед пайғамбар Вейсел Караниге сыйлыққа қалдырған шапаны бүгін Стамбулдағы Хырка-и Шериф мешітінде келушілерге ашылды.
Жыл сайын Рамазан айының бірінші жұмасында көрушілерге ашылатын пайғамбар шапаны Түркия уақытымен сағат 10:00-де көрсетіле бастады.
Шапанды өзімен аттас Хырка-и Шериф мешітінде Рамазан айында жұмыс күндері сағат 10.00-17.00, демалыс күндері 09.00-17.30 аралығында көруге болады.
Әзірет Мұхаммедтің өсиеті бойынша Вейсел Караниге сыйға тартылған қасиетті жәдігерлердің бірі Хырка-и Шериф Стамбулдың Фатих ауданында Хырка-ы Шериф мешітінде 1851 жылдан бері сақтаулы.
Қасиетті аманатты көру процесі сәуірдің 5-і Қадір түнінде тарауық намазынан кейін 03.00-ге дейін жалғасады, ал 9 сәуір күні көру уақыты екінді намазынан кейін дұғамен аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды
Бас қала Анкарадағы Түрік-орыс достық үйінде «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды.