«AXA Sigorta» кубогын Фенербахче Опет жеңіп алды
Фенербахче Опет командасы ақтық сайысында «Eczacıbaşı Dynavit»-ті жеңіп чемпион атанды.
2119986
Волейболдан әйелдер арасындағы «AXA Sigorta» кубогы чемпионатын Фенербахче Опет жеңіп алды.
Финалда «Eczacıbaşı Dynavit» командасын 3-1 есебімен жеңген команда төртінші рет кубок қуанышын көрді.
Анкарада ойналған матчта бірінші матч Фенербахче Опеттің 25-23 басымдығымен аяқталды. «Eczacıbaşı Dynavit» екінші матчты 25-16 есебімен жеңіп, есепті 1-1 тең қылды.
Фенербахче Опет командасы үшінші матчта 25-17 есебімен жеңіп, 2-1 есебімен чемпион атанды.
Фенербахче Опет бұл қуанышты 7 жылдан кейін қайта сезінсе, Фенербахче Опет командасынан Мелиса Варгас «үздік ойыншы» жүлдесін жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды
Бас қала Анкарадағы Түрік-орыс достық үйінде «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды.