Стамбулдың символдары TRT үшін жарықтандырылды

Түркияның жадысы TRT 60 жасқа толды.

2134597
Стамбулдың символдары TRT үшін жарықтандырылды

Стамбулдың символдары бұл жолы Түркия телерадио корпорациясы (TRT) үшін жарықтандырылды.

Түркияның жадысы TRT 60 жасқа толды.

Түркияның қоғамдық хабар таратушысы «TRT» телеарнасының құрылған күні ерекше шаралармен атап өтілді.

Маңызды күндерде түрлі-түсті және жарықтандырылатын Стамбулдың символдары бұл жолы TRT үшін жарықтандырылды.

«15 шілде Шейіттер көпірі», «Фатих Сұлтан Мехмет көпірі», «Явуз Сұлтан Селим көпірі» және «Чамлыжа мұнарасы» TRT-нің 60 жылдық мерейтойы үшін қызыл түспен жарықтандырылды. Жарықтандыру түннің бір уағына дейін жалғасты.

60 жыл бұрын құрылған TRT бүгін 18 телеарнасы, 17 радио арнасы және 41 тіл және диалектіде әлемге хабар таратуда.



Ұқсас жаңалықтар