Түрік және өзбек суретшілердің ортақ сурет көрмесі

Өнер сүйер қауым көрмеге үлкен қызығушылық танытты

151172
Түрік және өзбек суретшілердің ортақ сурет көрмесі

Түркия Республикасының Ташкенттегі өкілетті елшілігі "Дені сау бала" жылына орай түрік және өзбек суретшілердің ортақ сурет көрмесін ашты.


Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2014 жылды "Дені сау бала" жылы ретінде жариялағаннан кейін елдің түкпір-түкпірінде балаларға арналған көптеген шара ұйымдастырылуда.
Түркия Республикасының Ташкенттегі өкілетті елшілігі де осыған орай түрік суретшілер Чигдем және Хамди Телли мен өзбек суретші Әлішер Алиқұловтың туындыларынан тұратын көрме ашты.
Көрменің беташарынан бұрын қонақтарға түрік музыкасынан таңдаулы шығармалардан тұратын кішігірім концерт берілді.
20-шы Ташкент Туризм көрмесіне қатысу мақсатымен Өзбекстанға келген Түркияның Мәдениет және туризм вице министрі Абдуррахман Арыджы да көрмеде сөз сөйледі.
Көрмеге өзбек өнер сүйер қауым үлкен қызығушылық танытты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар