ТИКА-дан Өзбекстанға көмек

ТИКА-ның жөндеуінен өткен Өзбекстан Мемлекеттік Әлем тілдері Университеті Түрік тілі орталығы ашылды.

178942
ТИКА-дан Өзбекстанға көмек

ТИКА-ның жөндеуінен өткен Өзбекстан Мемлекеттік Әлем тілдері Университеті Түрік тілі орталығы ашылды.


Түрік тілі орталығы салтанатты рәсіммен қызметке ашылды. Оның күрделі жөндеуін, замандас құралдармен жабдықталуын Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы өз мойнына алған еді.


Өзбекстандағы салтанатты рәсімге ТИКА басшысы Сердар Чам да қатысты.


Ашылу салтанатына сонымен бірге Түркияның Өзбекстандағы өкілетті елшісі Намык Гүнер Ерпул мен көптеген оқытушы және тәлімгерлер қатысты.


Әлем тілдері Университетінің ректоры Проф. Шухрат Каюмов ТИКА басшыларына алғыс білдіріп, 2008 жылы ашылып, жыл сайын 20 шақты тәлімгер түрік тілін үйренетін орталықтың жаңаланып, жаңа технологиялық жиһаздармен жабдықталуының Өзбекстан мен Түркия арасындағы достық және ынтымақтастық қатынастардың дамуына үлес қосатынын айтты.


«Екі дос және бауырлас ел Түркия мен Өзбекстан арасында мықты байланыс бар екенін» атап көрсеткен өкілетті елші Ерпул да орталықтың жаңалауының мағыналы екенін білдірді.


Түркия бұдан былай да Өзбекстанға қолдау беруге дайын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар