Өзбекстанда сайлау науқаны басталды

Желтоқсандағы сайлауда төрт партия жарысады.

198192
Өзбекстанда сайлау науқаны басталды

Өзбекстанда жалпы халықтық сайлау үшін дайындық басталып кетті.


21 желтоқсан күні болатын сайлауда төрт партия жарысады.


Өзбекстан Орталық сайлау комитеті төрағасы Мырза Ұлықбек Абдуселамов баспасөзге мәлімдеме жасап, сайлау науқанының басталғанын білдірді.


Сайлауда Либерал демократ партия, Халық демократ партиясы, Ұлттық тірілу демократ партиясы мен Әділет және социал демократ партиясы жарысады.


Өзбекстан заңына қарағанда, 150 орынды парламенттің 135 депутаты партиялардан, қалған 15 депутаты болса Өзбекстан Экология қозғалысы тарапынан сайланады.


Сайлауды халықаралық бақылаушы ұйымдардың сарапшылары бақылайды. Сайлау үшін жергілікті және шетелдік 300-ден астам медиа өкілі аккредитациядан өтті.


21 желтоқсан күнгі сайлау үшін Анкара және Стамбулда да сайлау сандықтары құрылады.


Елдегі 31 миллион тұрғынның шамамен 20 миллионы тіркеулі сайлаушы.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар