Мирзиёев қайтадан президенттiк сайлауға үмiткер болды

Шавкат Мирзиёев 24 қазан күні өтетін президенттiк сайлауға қайтадан үмiткер болды.

1687313
Мирзиёев қайтадан президенттiк сайлауға үмiткер болды

Өзбекстанда президент Шавкат Мирзиёев 24 қазан күні өтетін сайлауда қайтадан үміткер ретінде ұсынылды.

Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясының саяси кеңес отырысында Мирзиёевті үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданды.

Мирзиёев елде 2016 жылы өткен президенттік сайлауда да Либералды-демократиялық партиясы тарапынан президенттікке үміткер болып ұсынылған еді.

Бұған дейін «Экология» партиясы төрағасы Нарзулла Обломуродов, «Әділет» социал-демократиялық партиясының төрағасы Бахром Абдухалимов және «Ұлттық ояну» демократиялық партиясы төрағасы Алишер Қадыров өз партияларынан президенттік сайлауға үміткер деп жариялаған болатын.

Заң бойынша президенттікке тек саяси партиялар үміткер ұсына алатын Өзбекстанда 35 жасқа толған және соңғы 10 жыл бойынша елде үздіксіз өмір сүргендер ғана президенттікке үміткер бола алады.

Үміткерлер сайлауға қатысу үшін елдегі жалпы сайлаушы санының кемінде 1 пайызының қолын жинауы керек.

Президент 5 жылға сайланатын елде 2016 жылы желтоқсан айындағы сайлауда үш қарсыласын артта қалдырған Шавкат Мирзиёев 88,61 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар