Талибаннан қашқан ауған әскерлер Өзбекстанда мақта егістігіне келіп қонды

Өзбекстанда 20-дан астам ауған әскерінің Сурхандарияға келіп қонғаны көрінетін көріністер жарияланды.

1692441
Талибаннан қашқан ауған әскерлер Өзбекстанда мақта егістігіне келіп қонды

Ауғанстандағы Талибан билігінен қашқан әскерлер тікұшақпен келіп, Өзбекстандағы мақта егістігіне қонды.

Өзбекстанда 20-дан астам ауған әскерінің Сурхандарияға келіп қонғаны көрінетін көріністер жарияланды.

Түнде түсірілген көріністе өзбек лауазым иесінің егістікке келіп қонған екі тікұшақтағы ауған әскерлеріне кім екендерін және арасында жаралы адам болып болмағанын сұрағаны естіледі.

Видеода өзбек лауазым иесінің «Бұл жерге неге қондыңдар?» деген сұрағына ауған әскері өзбек тілінде «Ауғанстанда соғыс болды.  Талибан Кабулды алды.  Біз де қаштық. Басқа амал жоқ» деп жауап береді.

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарламасында 14-15 тамыз күндері 585 ауған әскерін тасыған Ауғанстан Қарулы күштерінің 22 әскери ұшақ пен 24 тікұшағының өзбек әуе кеңістігін бұзып елге кіргені білдірілген болатын.

Осы арада Талибаннан қашқан 158 ауған азаматы Ауғанстанмен шекарадағы Амудария өзенінен жүзіп өтіп, Өзбекстанға келді.

Кейбір баспасөз органдары да Ауғанстанның бұрынғы президент орынбасары,  маршал Рашид Достумның да Өзбекстанға келгенін алға тартқан болатын.

Өзбекстан ковид эпидемиясына байланысты өткен ай Ауғанстанмен шекараны жауып, ауған азаматтарына виза беруді тоқтатқан еді.



Ұқсас жаңалықтар