Ердоған Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған телефонда Өзбекстанды тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

1701056
Ердоған Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті. 

Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде  телефондағы әңгімеде Түркия мен Өзбекстан қарым-қатынастарын дамытатын қадамдар мен аймақтық тақырыптар талқыланғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефонда Өзбекстанды тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Өзбекстан тәуелсіздігін тұңғыш таныған және Ташкентте тұңғыш өкілетті елшілік ашқан ел болғандарына мақтаныш сезінетінін айтқан Ердоған биыл екі ел арасында  "Мәңгілік достық пен Ынтымақтастық келісімі" жасалғандығының 25 жылдығы екенін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен құрған шынайы достық пен халықтар арасындағы бауырластық негізінде жасалған стратегиялық ортақтықтың жылдам бекемделгеніне деген ризалығын тілге тиек етті. 



Ұқсас жаңалықтар