Нобель лауреаты Санжарға Өзбекстаннан құрмет

Жібек жолы Халықаралық туризм университеті Санжарға құрметті доктор атағын берді.

1708520
Нобель лауреаты Санжарға Өзбекстаннан құрмет

Химия ғылымы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Проф. Др. Азиз Санжарға Өзбекстанның Жібек жолы Халықаралық туризм университеті құрметті доктор атағын берді.

Проф. Др. Азиз Санжар Өзбекстанның тарихи Самарқанд қаласында университетке барып,  студент және оқытушылармен бас қосты.

Кездесуде Өзбекстан вице-премьері, Туризм және спорт министрі болып қызмет атқаратын ректор Азиз Абдухакимов Нобель лауреаты, ғалым Санжардың университетке келуіне қуанышты екендерін тілге тиек етті.  Ректор университет ғылыми кеңесінің Азиз Санжарға құрметті докторлық атағын беруге шешім қабылдағанын білдірді.

Артынан ректор Аблухакимов Санжарға құрметті докторлық атағын тапсырды.

Азиз Санжар «Түрік әлемінде ғылым мен ұлттық даму» атты лекция оқыды.  Артынан студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Университеттің құрмет дәптеріне қол қойған Санжар өзбек студент және оқытушылармен естелік үшін суретке түсті.



Ұқсас жаңалықтар