Өзбекстан мен Түрікменстан Ауғанстанға көмектеседі

Түрікменстан президенті Өзбекстанға барды.

1715176
Өзбекстан мен Түрікменстан Ауғанстанға көмектеседі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов ауған халқына көмектесуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов Өзбекстанға ресми сапармен барып, президент Мирзиёевпен кездесті.

Кездесуден кейін өткен баспасөз конференциясында сөйлеген Өзбекстан мен Түрікменстан басшылары Ауғанстандағы оқиғаларға тоқталды.

Мирзиёев «Аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы көбіне Ауғанстандағы жағдайға байланысты. Елдеріміз бұл елдегі ұзақ мерзімді бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз ету үшін Ауғанстан халқына барлық жағынан көмек көрсетуді жалғастыруға дайын» деген сөздерді қолданды.

Президент Мирзиёев Ауғанстанға байланысты халықаралық жобаларды жалғастыру үшін Ауғанстанмен келіссөздерді жалғастыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов өз елі мен  Өзбекстанның Ауғанстан мәселесіне қатысты көзқарастарының ұқсас екенін мәлімдеді.

«Түрікменстан мен Өзбекстанның Ауғанстанға қатысты өзара іс-қимылы осы елдегі саяси жағдайды қалыпқа келтіруге, әлеуметтік саланы қалпына келтіруге және елді аймақтық және әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кеңінен біріктіруге үлкен пайда әкеледі» деді ол.

Бердімұхаммедовтың Өзбекстанға сапары аясында екі ел арасында әр түрлі салада 23 келісімге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар