Шавкат Мирзиеев қайтадан президент болды

Өзбекстан Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы 80.1 пайыз дауыс алған Шавкат Мирзиеевтің қайтадан президент болып сайланғанын хабарлады.

1724657
Шавкат Мирзиеев қайтадан президент болды

Өзбекстанда өткізілген президенттік сайлауда алғашқы бейресми санаққа қарағанда Либерал Демократ партиясынан президент үміткеріне қайта көрсетілген Шавкат Мирзиеев дауыстың 80.1 пайызын алды.

Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамхочаев баспасөз жиналысында президент Шавкат Мирзиеевтің демократиялық қағидаларға, ұлттық заңдар мен халықаралық шарттарға  сай кеше өткен сайлауда сайлаушылардан 80.1 пайыз дауыс алып, қайтадан президент болып сайланғанын хабарлады.

Елдегі дауыстың саналып болғанын білдірген Зайниддин Низамхочаев ел көлемінде 16 миллион 212 мың 343 сайлаушының дауыс бергенін, бұл сан жалпы тіркеулі сайлаушы санының 80.4 пайызын ұстағанын тілге тиек етті.

Өзбекстанда тіркеулі сайлаушы  21 миллион 266 мың деп жарияланды.

Заңға сай саяси партиялар ғана президет үміткерін көрсететін сайлауда Экология партиясынан Нарзулла Обломурадов, Халық Демократ партиясынан Максуда Варисова, Ұлттық Шахланш демократ партиясынан Алишир Кадиров, "Әділет" партиясынан Бахром Абдухалимов және Либерал Демократ партиясынан президент үміткеріне қайта көрсетілген Шавкат Мирзиеев бәсекелесті.

Өзбекстанды 27 жыл басқарған тұңғыш президент Ислам Кәримов 2016 жылы қыркүйекте қайтыс болғаннан кейін сол жылы желтоқсанда ұйымдастырылған ерте сайлауда үш бәсекелесіне қарсы дауыстың 88.61 пайызын алған Мирзиеев жеңген болатын. 

Президент 5 жылға сайланатын Өзбекстан заңына сай жеңімпаздың дауыстың жартысынан көбін алуы шарт. 



Ұқсас жаңалықтар