Түркия - Өзбекстанда ең көп компания құрған ел

Түркия шетелдік капиталмен ең көп компания құрған елдер тізімінде бірінші орынды иеледі.

1732538
Түркия - Өзбекстанда ең көп компания құрған ел

Биылғы он айда Өзбекстанда ең көп компания құрған ел Түркия болды.

Өзбекстан Мемлекеттік  статистика комитетінің деректеріне қарағанда, қаңтар-қазан айларында елде 321 компания құрған Түркия шетелдік капиталмен ең көп компания құрған елдер тізімінде бірінші орынды иеледі.

Түркияның артынан 296 компаниямен Ресей екінші, 219 компаниямен Қытай үшінші орында. Қазақстан капиталымен 166, Оңтүстік Корея капиталымен 80 компания құрылды.

Шетелдік іскерлер елде көбіне медицина, өнеркәсіп, сауда, компьютерлік технология, құрылыс және егіншілік саласына инвестиция салды.

1 қараша күнгі деректерге сай елдегі шетел капиталымен құрылған кәсіпорын саны 13 мың 283 болды. Осы шеңберде орыс капиталды компания саны 2 335, Қытай капиталымен құрылған компания саны 1942, түрік капиталды компания саны  1830, Қазақстан капиталды компания саны  1056 –ға жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар