Өзбекстан экономикасы өсті

Елде жалпы ішкі өнім жылдың он айында 6,9 пайыз артты.

1737089
Өзбекстан экономикасы өсті

Өзбекстан экономикасы жылдың қаңтар-қазан айларында 6,9 пайыз өсті.

Өзбекстан Мемлекеттік Статистика комитеті ел экономикасына байланысты 2021 жылдың қаңтар-қазан деректерін жариялады.  Осы деректерге сәйкес, елде жалпы ішкі өнім жылдың он айында 6,9 пайыз артты.

Осы кезеңде қызмет саласы 19,4, бөлшек сауда 10,5, өнеркәсіп саласы 9,5, сыртқы сауда көлемі 8,5 және құрылыс саласы 5,1 пайыз өсті.

Өзбекстан экономикасының коронавирус індетінен бұрынғы жылдық орташа 5-6 пайыз болған өсімі 2020 жылы эпидемияға байланысты 1,6 пайызды құраған еді.



Ұқсас жаңалықтар