Орталық Азия елдерінде 400 миллион тонна радиоактивті қалдық бар

Қазақстанда 240 миллион тонна, Қырғызстанда 132 миллион , Тәжікстанда 42 миллион және Өзбекстанда 4 миллион тонна радиоактивті қалдықтар бар.

1748142
Орталық Азия елдерінде 400 миллион тонна радиоактивті қалдық бар

Орталық Азия елдерінде 400 миллион тоннадан астам радиоактивті қалдықтар бар.

Өзбекстан Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің радиация жөніндегі мемлекеттік комитеті және Ядролық қауіпсіздік басқармасының басшысы Сардорбек Якуббеков баспасөз мәслихатында Орталық Азия елдерінде 418 миллион тонна радиоактивті қалдықтар бар екенін білдірді.

Сардорбек Якуббеков еліндегі және Орталық Азия аймағындағы радиоактивті қалдықтар жайлы мәлімет беріп, Кеңестер Одағы кезінде уран қабаттарының ашылуы салдарынан аймақта жиналған көп мөлшерде радиоактивті қалдықтардың көмілгенін хабарлады.

Радиоактивті қалдықтар мәселесінің бүкіл Орталық Азия елдерінің проблемасы екеніне назар аударған Сардорбек Якуббеков қазірде Қазақстанда 240 миллион тонна, Қырғызстанда 132 миллион тонна, Тәжікстанда 42 миллион тонна және Өзбекстанда 4 миллион тонна радиоактивті қалдықтар бар екенін жеткізді. 

Өзбекстанда радиоактивті қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін бақылау үшін арнайы бір бағдарлам аның қабылданғанын айтқан Якуббеков осы бағдарлама аясында жасалған зерттеу нәтижелерінің елдегі радиация деңгейі нормадан асқан аймақ болмағанын көрсеткенін білдірді.

Якуббеков радиоактивті қалдықтар жатқан аймақтарда қоршаған орта жағдайын жақсарту үшін Еуропа Қайта құру және даму банкі, Еуропа Одағы және басқа елдер тарапынан 2 миллион евролық алғашқы жәрдемнің бөлінуіне шешім қабылданғанын хабарлады. 



Ұқсас жаңалықтар