Блинкен Өзбекстан Сыртқы істер министрімен кездесті

Блинкен мен Камилов арасындағы кездесуде Ресей-Украина соғысының барлық аспектілері талқыланды.

1792971
Блинкен Өзбекстан Сыртқы істер министрімен кездесті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрі Энтони Блинкен өзбек әріптесі Абдулазиз Камиловпен кездесуінде Өзбекстанның Украина мен Ауғанстанға жасаған гуманитарлық көмегін жоғары бағалағандарын атап өтті.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда министрлікте Блинкен мен Камилов арасындағы кездесуде Ресей-Украина соғысының барлық аспектілері талқыланды.

Блинкен Украина мен Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыс жағдайында Өзбекстанның гуманитарлық көмек көрсету әрекетін құптағандарын білдірді. Екі министр Өзбекстандағы соңғы жағдайды және басқа да аймақтық мәселелерді де талқылады.

Басқа жақтан Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлескен Блинкен АҚШ-тың Украинаға қолдауын тағы қайталады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде екі министрдің Ресейдің шабуылдарын, осы шабуылдарда қаза тапқан бейбіт тұрғындарға қатысты соңғы жағдайды және дипломатиялық әрекеттерді жан-жақты талқылағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар