Ердоған Өзбекстанға арнап бір мақала жазды

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанда шығатын "Жаңа Өзбекстан" газетіне бір мақала жазды.

1803701
Ердоған Өзбекстанға арнап бір мақала жазды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың әр салада дамытуын, бізге жүктелген тарихи міндет және жауапкершілік ретінде қарағанын айтты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанда шығатын "Жаңа Өзбекстан" газетіне бір мақала жазды. 

Ердоған мақаласында Азияның орталығындағы геосаяси орны, бай табиғи ресурстары және құнарлы жерлерімен Өзбекстанның аймағында және басқа географияда маңызды рөл атқарған қасиетті бір ел екенін түсіндірді. 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің реформа саясаттарының тек елінде ғана емес, барлық Орталық Азияда үлгі болғанын, сондай-ақ оның ұстанған саясатына тәнті екенін білдірген Ердоған "Өзбекстанның Ауғанстандағы гуманитарлық жағдайды жеңілдету тұрғысынан ойнаған басшылық рөліне ризамыз. Ауғанстанға гуманитарлық жәрдемдердің жеткізілуінде Термез қаласының Біріккен Ұлттар Ұйымын қамтыған барлық халықаралық ұйым үшін бір логистикалық орталық болуын қолдаймыз. Өзбекстанның Орталық Азия және басқа географияда орнатқысы келген тұрақтылық жобасына біздің де көңіл бөлгенімізді айтқын келеді" деген сөздерге орын берді. 

Президент Ердоған түрік іскерлерінің Өзбекстанда қол қойған жобаларына мақтанғанын және бұның екі ел  саудасын күшейтетінін білдірді.

Ердоған "Бұл кезеңде Түркия көне құрлықпен болған қарым-қатынастарын "Жаңадан Азия" ұранымен кең көлемді тұғыр арқылы қолға алуда. Түркия мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың әр салада дамытуын, бізге жүктелген  тарихи міндет және жауапкершілік  ретінде қараудамыз" деді. 

Ердоған "Бауырлас Өзбекстанмен болашағымызды бірге құру талпынысымыздың барлық адам баласына жақсылық әкелетініне кәміл сенеміз. Өзара құрмет және сенім негізінде ынтымақтастығымызды жалғыстарамыз. Түрік халқы атынан өзбек бауырластарымызға шын жүректен сәлем беремін және сүйіспеншілігімді ұсынамын" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар