Türkiye мен Өзбекстан 10 келісім жасасты

Президент Ердоған: "Шавкат Мирзиеевпен аймағымыздағы оқиғаларды өзара кеңестік" деді.

1803977
Türkiye мен Өзбекстан 10 келісім жасасты

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен жылы 3.6 миллиард долларға жеткен Türkiye мен Өзбекстан арасындағы сауда мөлшерін қысқа уақытта 5 миллиард долларға көтеруді нысанаға алғандарын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің  шақыруымен ресми кездесулер өткізу үшін астана Ташкентке сапарлай барды.

Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев тарапынан Көк сарайда ресми рәсіммен күтіп алынды.

Ресми күтіп алудан және делегациялардың танысуынан кейін президент Ердоған мен  Мирзиеев оңаша бас қосты.

Екі лидердің кездесуі баспасөзге жабық өткізілді.

Türkiye мен Өзбекстан арасында 10 келісімге қол қойылды.

Лидерлер келісімнен кейін ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Сауда мөлшеріміз өткен жылы 3.6 миллиард доллардан асты. Türkiye мен Өзбекстан арасындағы сауда мөлшерін қысқа уақытта 5 миллиард долларға көтеруді нысанаға алдық. Артынан біртіндеп 10 миллиард долларға көтереміз.  Осы қадамдарды тығыз бақылау ниетіндеміз" деді.

"Шавкат Мирзиеевпен аймағымыздағы оқиғаларды өзара кеңестік" деген Ердоған:

"Ораза айының барлық Ислам әлеміне қазірден қайырлы болуын тілеймін" деді.



Ұқсас жаңалықтар