Мевлүт Чавушоғлу Ташкенттте

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Өзбекстан Сыртқы істер министрінің өкілі Владимир Наровпен кездесті.

1862453
Мевлүт Чавушоғлу Ташкенттте

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан сыртқы істер, сауда және қатынас министрлерінің үшжақты кездесуіне қатысу үшін бас қала Ташкентке барды. Чавушоғлу Ташкентте Өзбекстан Сыртқы істер министрінің өкілі Владимир Наровпен кездесті.

Баспасөзге жабық өткен отырыс алдында сөз сөйлеген Чавушоғлу бүгін өтетін Түркия-Әзербайжан-Өзбекстан сыртқы істер, сауда және қатынас министрлерінің үшжақты кездесуінің бауырлас елдер арасындағы сауда, логистика, қатынас және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды болатынын, сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің мұның өз елі үшін алға қойған көзқарасымен сәйкес келетінін айтты.

Өзбекстанда өткен Жоғары деңгейдегі стратегиялық серіктестік кеңесі отырысымен екіжақты қарым-қатынастардың жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне жеткізілгенін атап көрсеткен Чавушоғлу осы шеңберде екіжақты сауда көлемінің біртіндеп артқанын және оны 10 миллиард долларға жеткізетінін білдірді.

Өзбекстан мен Түркияның стратегиялық серіктес екеніне назар аударған Наров екі ел арасындағы саяси, сауда, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың соңғы жылдары қарқынды дамығанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар