ШЫҰ саммиті 15-16 қыркүйек күндері Самарқандта өтеді

ШЫҰ саммитіне араларында Президент Ердоған да бар 14 елдің көшбасшылары қатысады.

1872801
ШЫҰ саммиті 15-16 қыркүйек күндері Самарқандта өтеді

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитіне араларында Президент Режеп Тайып Ердоған да бар 14 елдің көшбасшылары қатысады.

Өзбекстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (ШЫҰ) ұлттық үйлестірушісі Рахматулла Нұрымбетов бас қала Ташкентте 15-16 қыркүйек күндері өтетін ШЫҰ Саммитіне дайындық барысы туралы ақпараттық кеңес өткізді.

Нұрымбетов саммитке 14 елдің мемлекет басшылары мен 10 халықаралық ұйымның жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуы жоспарланып отырғанын айтып, ұйымға мүше елдер арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты дамыту мақсатында 20-дан астам келісімге қол қоюдың жоспарланғанын мәлімдеді.

Ұйымға мүше Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Үндістан және Өзбекстанға қоса ұйымның бақылаушы мүшелері Беларусь, Моңғолия, Иран президенттерінің және Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиеевтің шақырған Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның да қатысатынын атап көрсеткен Нұрымбетов ұйымның келіссөз жүргізілген елдерден де жоғары деңгейде серіктестер қатысатынын білдірді.

Нұрымбетов сондай-ақ Түркияның Өзбекстанның жақын стратегиялық серіктесі және бауырлас ел екенін атап «Аймақтағы оқиғалар мен Өзбекстанның бүгінгі сыртқы саяси мақсаттарын ескере отырып, Түркия сияқты бір елдің ШЫҰ басшылар саммитіне шақырылуы орынды шешім. Бұл ұйымға мүше барлық елдер тарапынан қолдау тапты» деді.

2001 жылы 15 маусым күні құрылған ШЫҰ-на мүше елдер қатарына Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан кіреді.

Түркия ұйымға 2012 жылы келіссөз серіктесі болған еді.



Ұқсас жаңалықтар