Қарақалпақстандағы оқиғаларға байланысты сот басталды

Оқиғаны ұйымдастырды деген айыппен 22 адамға қатысты сот басталды.

1911968
Қарақалпақстандағы оқиғаларға байланысты сот басталды

Шілде айында Өзбекстанда 21 адам қаза тауып, 243 адам жараланған оқиғаны ұйымдастырды деген айыппен 22 адамға қатысты сот басталды.

Өзбекстан Жоғарғы соты жасаған мәлімдемеде Дәулетмұрат Тажімұратов, Лалагуль Каллиханова және Азамат Турданов сынды 22 айыпталушының соты басталғаны айтылған.

Сотталушыларға конституциялық режимге шабуыл жасау, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қауіп төндіретін материалдарды дайындау, жасыру және тарату, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жинау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қоғамға зиян келтіру сияқты қылмыстар бойынша айып тағылып отыр.

Қарақалпақстанда 1-2 шілдеде өткен наразылық акциялары Өзбекстан Конституциясындағы Қарақалпақстан Автономиялық Республикасының мәртебесіне қатысты баптарға өзгертулер енгізуге байланысты кейбір ұсыныстар күн тәртібіне қойылғаннан кейін тәртіпсіздікке ұласты.

Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі шерулерді конституцияға енгізілетін түзетулерді «қате түсіндірген» топ ұйымдастырғанын хабарлады.

Оқиғалардан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шерулер өткен Нүкіс қаласына барып, ондағы азаматтармен кездесіп, Қарақалпақстанның мәртебесі өзгермейтінін атап көрсеткен болатын.

Мирзиеев жарлыққа қол қойып, Қарақалпақстан Автономиялық Республикасында бір айлық төтенше жағдай жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар