Жөтелге қарсы сироптан балалар қайтыс болды

Билік тергеу бастады.

1924776
Жөтелге қарсы сироптан балалар қайтыс болды

Өзбекстанда 18 баланың Үндістанның жөтел сиробынан қайтыс болуына байланысты тергеу басталды.

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жасаған мәлімдемеде Үндістанның «Marion Biotech» фирмасында шығарылған «Док-1 Макс» жөтелге қарсы сиропты қолдану салдарынан 18 баланың қаза тапқаны еске салынды.

Аталмыш сиропты импорттаған «Kuramax Medikal» компаниясына және бұл дәрінің елде қолданылуына рұқсат берген «Фармацевтикалық стандарттау ғылыми орталығына» қатысты тергеу басталғаны және күдіктілердің ұсталғаны баса айтылды.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек-желтоқсан айларында Самарқанд қаласындағы балалар ауруханасында емделген, «Док-1 Макс» сиробын қолданған балалардың 18-інің қайтыс болғанын хабарлады.

Аталған жөтел сиробына  жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде препараттың құрамында улы зат болып табылатын «этиленгликоль» анықталып, елде дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар