Өзбекстан халық саны 36 миллионнан асты

Өзбекстан халқының саны 36 миллион 24 мың 946 адамға өсті.

1932509
Өзбекстан халық саны 36 миллионнан асты

1 қаңтардағы мәлімет бойынша Өзбекстан халқының саны 36 миллион 24 мың 946 адамға өсті.

Өзбекстан Мемлекеттік статистика агенттігінің мәлімдемесінде 2022 жылдың 1 қаңтарында 35 миллион 271 мың 346 болған халық санының 2023 жылдың 1 қаңтарында 36 миллион 24 мың 946 адамға жеткені хабарланды. Осылайша елдегі халық саны 753,6 мыңға өскен.

Ел халқының 18 миллион 335,7 мыңы қалаларда, 17 миллион 689,2 мыңы ауылдық жерлерде тұрады. Дерек бойынша халықтың 18 миллион 128 мың 578-і ерлер, 17 миллион 896 мың 368-іі әйелдер.

Өзбекстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы «халқы ең жас және тез өсіп келе жатқан ел» позициясында.



Ұқсас жаңалықтар