Өміралиев Ташкентте

ТМТ Бас хатшысы Саидовпен бас қосты.

1936717
Өміралиев Ташкентте

Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы  Кубанычбек Өміралиев Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтияр Саидовпен кездесті.

Өміралиев ертең өтетін Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің жиналысына қатысу үшін Ташкентке барып, Саидовпен оңаша бас қосты.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тараптар барлық салалардағы қарым-қатынастардың оң дамып келе жатқанына қанағаттанғандарын білдірді.

2022 жылдың қарашасында ұйым ұйымдастырған Самарқанд саммитінде қабылданған стратегиялық шешімдердің орындалу барысын бағалай отырып,  ұйымға мүше елдер арасында сауда-экономикалық қатынастардың кеңейтілуі, ТМҰ  аймағының қатынас және транзит мүмкіндіктерін қолдану, коммуникация, цифрлық және жасыл экономика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру,  туризм, білім беру және мәдениет салаларында өзара ынтымақтастық тақырыптарын қарастырды.

Отырыс барысында Өміралиев ұйымның кезекті басшысы Өзбекстанның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға хатшылық ретінде белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесуден кейін баспасөзге мәлімдеме жасаған Өміралиев Өзбекстан Сыртқы істер министрінің өкілі ретінде жаңадан тағайындалған Саидовпен алғаш рет кездескендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар