Мирзиеев Өміралиевті қабылдады

Кездесуде ТМҰ мақсаттары қолға алынды.

1937703
Мирзиеев Өміралиевті қабылдады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) бас хатшысы Қуанышбек Өміралиевті қабылдады.

Өзбекстан президенттік кеңсесінің мәлімдемесіне қарағанда Мирзиеев Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында бас қала Ташкентке келген Өміралиевпен кездесті.

Кездесу барысында Мирзиеев пен Өміралиев Өзбекстанның ТМҰ төрағалығы кезіндегі басым мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.

11 қараша күні Өзбекстанда ұйымның дамуында жаңа дәуірді бастаған Самарқанд саммитінің нәтижелерін өте маңызды деп санайтынын атап өткен Өміралиев саммитте ұйымның одан әрі жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін маңызды құжаттарға қол қойылғанын еске салды.

Өміралиев ұйым аясындағы ынтымақтастық пен серіктестік әлеуетін жүзеге асыру үшін Өзбекстанмен тығыз ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар