Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Блинкенмен кездесті

Өзбекстан Сыртқы істер министрі орынбасары Бахтияр Саидов мәлімдеме жасады.

1953333
Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Блинкенмен кездесті

Өзбекстан Сыртқы істер министрі орынбасары Бахтияр Саидов келіссөздер жүргізу үшін Ташкентке келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бас қосты.

Саидов өзінің жеке Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Блинкенмен кездесуінде іскер орта үшін ығайлы жағдай жасау, Өзбекстанның кадрлық әлеуетін дамыту, Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті күшейту және басқа да мәселелер бойынша күш-жігерді біріктіруге келіскендерін атап көрсетті.

Саидов сондай-ақ АҚШ үкіметінің Өзбекстан Президентінің реформалау үдерісіне айнымас және толық қолдауын жоғары бағалағанын және бұл кездесудің нәтижелі болатынына сенім білдірді.

АҚШ үкіметінің ресми парақшасынан жасаған мәлімдемесіне қарағанда Саидов Блинкеннің еліне алғаш рет келгеніне ризашылығын білдіріп, бұл сапардың екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытатынына сенетінін жеткізді.

Өзбекстанда болғанына қуанышты екенін білдірген Блинкен кеше Қазақстанның бас қаласы Астанада екіжақты және С5+1 (Орталық Азия елдері мен АҚШ) форматында ортақ мәселелер мен мақсаттар туралы келіссөздер жүргізгенін еске салды.

Блинкен сонымен қатар Өзбекстанмен қарқынды қарым-қатынастарды, елдің С5+1 жүйесіндегі рөлін, үздіксіз дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық және Өзбекстан үкіметінің реформалау үдерісіне жоғары баға бергенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар