Мирзиеев пен Путин сөйлесті

Басшылар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуды талқылады.

1973301
Мирзиеев пен Путин сөйлесті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Ресей президенті Владимир Путин екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуды талқылады.

Өзбекстан президенттігінің мәлімдемесінде Мирзиеев пен Путиннің телефон арқылы өзара сауданы одан әрі арттыру және бірлескен ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру үшін басымдық берілген мәселелердің егжей-тегжейлі талқыланғаны хабарланды.

Әңгіме барысында Мирзиеев пен Путин айдың соңында Ташкентте өтетін «Innoprom» халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі екі елдің аймақтары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту үшін тиімді болады деп келісті.

Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламалары аясындағы жемісті ынтымақтастыққа қанағаттанатындықтарын білдірген басшылар таяу болашақта өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күнтізбесі туралы да пікір алмасты.



Ұқсас жаңалықтар