Анкарадан Ташкентке тікелей рейс басталады
«AnadoluJet» Измирден Сербия астанасы Белградқа және Анкарадан Өзбекстанның астанасы Ташкентке рейс ашады.
Түрік әуе жолдарының (THY) қосалқы бренді «AnadoluJet» Измирден Сербия астанасы Белградқа және Анкарадан Өзбекстанның астанасы Ташкентке рейс ашады.
THY баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда, бұрын Измирден Белградқа рейс бастаған «AnadoluJet» осы қалаға Анкара арқылы тағы бір рейс қосты.
Бүгіннен бастап Измир мен Белград арасында аптасына екі күн- бейсенбі және жексенбі күндері болатын рейстер өзара игеріледі.
Рейстер Измир «Аднан Мендерес» әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 14.20-да және Белград «Никола Тесла» әуежайынан 15.55-те орындалады.
«AnadoluJet» 17 сәуір күні Анкарадан Өзбекстанның астанасы Ташкентке рейс бастайды.
Рейстер Анкара «Есенбоға» әуежайы мен Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайы арасында аптасына 2 күн орындалады.
Жолаушылар «AnadoluJet» компаниясының Измир-Белград және Анкара-Ташкент рейстері туралы толық ақпаратты «anadolujet.com» және «0850 3332538» телефоны арқылы ала алады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.