Ердоған Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

1974104
Ердоған Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда әңгімеде Түркия мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар талқыланды.

Президент Ердоған әңгіме барысында жергілікті автомобиль TOGG-ны сыйға тартқан Өзбекстан президенті Мирзиеевке сәттілік тіледі.

Түрік әлемі ретінде береке-бірлік ішінде бұдан да жоғарғы белестерге  жететініне сенетінін түсіндірген Ердоған Түркия мен Өзбекстан арасындағы күшті ынтымақтастықтың осы түсіністіктің негізгі тіректерінің бірі екенін білдірді.

Өзбекстан президенті Мирзиеев президент Ердоғанға TOGG-ны сыйлағаны үшін алғыс айтты.

Президент Ердоғанның басшылығындағы Түркияның әр салада болғандай өнеркәсіп саласында да серпіліс жасауының қуанышты жағдай екенін айтқан Мирзиеев TOGG-ның Түркия мен түрік әлемінің табысы ретінде тарихқа жазылатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар