Анкарадан Ташкентке тікелей рейс басталды

«AnadoluJet» әуе компаниясының алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:10-да Ташкент әуежайына қонды.

1976397
Анкарадан Ташкентке тікелей рейс басталды

Түрік Әуе жолдарының (THY) қосалқы бренді «AnadoluJet-тің» Анкара-Ташкент рейсін орындаған алғашқы ұшағы Өзбекстанның астанасы Ташкентте салтанатпен қарсы алынды.

«AnadoluJet» әуе компаниясының Анкарадан Өзбекстанға жоспарланған алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:10-да Ташкент әуежайына қонды.

Өзбекстан азаматтық авиациясының бас директоры Тахир Назаров, Түркияның Өзбекстандағы елшісі Олган Бекар және THY Ташкент кеңсесінің менеджері Селим Кахрыман ұшақтың баспалдағы алдындағы лентаны қиып, алғашқы жолаушыларды қарсы алды.

Баспасөзге мәлімдеме жасаған Елші Бекар Анкара мен Ташкент арасындағы рейстердің алғаш рет жүзеге асырылып жатқанын және аптасына бір рет  игерілетінін атап өтіп, өзбек авиакомпаниясының алдағы уақытта осы бағытта рейс  бастауын күтетіндерін айтты.

Бекар қазіргі уақытта Стамбул мен Өзбекстанның Ташкент,  Ферғана, Үргеніш, Самарқанд және Бұхара қалалары арасындағы жоспарлы рейстерді екі елдің әуе компаниялары ұйымдастырғанын және екі ел арасындағы апталық рейс саны Анкара-Ташкент рейсі қосылып, 61-ге жеткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар