Ердоған Мирзиеевпен телефонда сөйлесті

Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Атазаңға өзгеріс енгізу референдумының сәтті өтуімен құттықтады.

1982210
Ердоған Мирзиеевпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті өткен аптада ұйымдастырылған Атазаңға өзгеріс енгізу референдумының сәтті өтуімен құттықтады.

Өзбекстан Президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Мирзиеев президент Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Телефондағы әңгіме барысында мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сындарлы ынтымақтастық және маңызды жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Түркияның жетекші компанияларының қатысуымен Өзбекстанда жүзеге асырылған инвестициялық жобаларға тоқталған басшылар Түркия-Өзбекстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысына дайындықты да кеңескені білдірілді.

Президент Ердоған Мирзиеевті өткен аптада Өзбекстанда ұйымдастырылған Атазаңға өзгеріс енгізуге байланысты референдумның сәтті өтуімен құттықтап, бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік, даму және гүлдену тіледі.

Мирзиеев президент Ердоғанға Түркияда 14 мамырда өтетін президенттік және 28-ші кезекті парламент сайлауында табыс тіледі.



Ұқсас жаңалықтар