Өзбекстанда «мезгілінен бұрын дауыс беру» процесі аяқталды

Барлығы 400 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді.

2008285
Өзбекстанда «мезгілінен бұрын дауыс беру» процесі аяқталды

Өзбекстанда шілденің 9-ы күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға «мезгілінен бұрын дауыс беру» процесі аяқталды.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы жексенбі күні өтетін сайлау үшін 28 маусым күні басталған «ерте дауыс беру» процесінің кеше кешкісін аяқталғанын хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес, мерзімінен бұрын дауыс беру кезінде 100 мыңы шетелде, барлығы 400 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді.

Елдегі сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау күні өзі тіркелген аймақта болмайтын сайлаушылар сайлау орталықтарына дәлелі көрсетілген өтініш беріп, «ерте дауыс беру» мүмкіндігін пайдалана алады.

30 сәуірде өткен референдумда конституциялық түзету қабылданғаннан кейін елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Сайлауда Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясынан қайтадан ұсынылған президент Шавкат Мирзиеевтен бөлек, Халықтық демократиялық партиядан Ұлуғбек Инаятов, Өзбекстан Экология партиясынан Абдусукур Хамзаев және Әділет социал-демократиялық партиясынан Роба Махмудова бәсекеге түседі.



Ұқсас жаңалықтар