Мирзиеев қайтадан сайланды

Шавкат Мирзиеев 87,05 пайыз дауыс жинап, 7 жылға қайта президент болып сайланды.

2009201
Мирзиеев қайтадан сайланды

Өзбекстанда өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың нақтыланбаған нәтижелері бойынша Либерал-демократиялық партиядан ұсынылған Шавкат Мирзиеев 87,05 пайыз дауыс жинап, 7 жылға қайта президент болып сайланды.

30 сәуірде өткен референдумда конституциялық түзету қабылданғаннан кейін елде кеше кезектен тыс президенттік сайлау өтті.

Сайлауда Парламенттің төменгі палатасы – Заң шығарушы ассамблеяға мүше 5 саяси партия ұсынған төрт кандидат бақ сынады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев баспасөз мәслихатында президент Мирзиеев кеше өткен сайлауда сайлаушы дауыстарының 87,05 пайызын жинап, президент болып қайта сайланғанын хабарлады.

Оның хабарлауынша дауыстарды санау аяқталды. Ел бойынша барлығы 15 миллион 651 мың 405 сайлаушы дауыс берген. Бұл тіркелген сайлаушылардың жалпы санының 79,88 пайызына сәйкес келеді.

Низамходжаев әзірге сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы шағым түспегенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар