Түркия Өзбекстан сайлауы жөнінде мәлімдеме жасады

Түркия сайлаудың тыныш өткеніне қуанышты.

2008984
Түркия Өзбекстан сайлауы жөнінде мәлімдеме жасады

Түркия Өзбекстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың бейбітшілік пен тыныштық жағдайында сәтті өткеніне қуанышты екенін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанда кеше өткен кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде сайлаудың бейбітшілік пен тыныштық жағдайында сәтті өткеніне қуанышты екені айтылды.

«Біз Өзбекстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне үлкен мән береміз, қарым-қатынастарымызды жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтердік,  нәтижелер дос және бауырлас өзбек халқы үшін тиімді болады деп үміттенеміз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар